Түркия мен Сирияда қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма – ҚР СІМ жауабы
Екі елде де құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Түркиядағы алапат жер сілкінісінен зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Түркия Республикасындағы елшілігіміздің ақпаратына сәйкес, Астана уақытымен сағат 15-00-дегі жағдай бойынша Түркияның оңтүстік-шығысындағы қуатты жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматтарынан өтініш түскен жоқ. Консул Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен үнемі байланыста отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қаза тапқандар тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында.
Тақырыпқа орай: Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 600-ден асты
Айта кетерлігі, қирандылардың өте көп болуына байланысты әлі де құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.