$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күләш Байсейітованың қызы дүниеден өтті

Ол музыкалық өнердің тарихи мұрасына бей-жай қарамайтын жан еді

Күләш Байсейітованың қызы дүниеден өтті
nstagram.com/ abay.kaz.ntob

Қанабек Байсейітов пен Күләш Байсейітованың қызы Қарлығаш Қанабекқызы 83 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін Алаштың бұлбұлы, қазақ операсының негізін қалаған Қанабек Байсейітов пен Күләш Бейсейітованың қызы 83 жасына қараған шағында өмірден озды. Қарлығаш Қанабекқызы өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстанның кәсіби музыкалық өнері мен театрымыздың пайда болуы туралы баға жетпес тарихи деректермен жомарттықпен бөлісе отырып, ата-анасы жайлы естеліктерді жадында сақтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жарқын бейнеңізді, мейірімділігіңізбен шынайылығыңызды, айналаңыздағы адамдардың тағдырына және музыкалық өнердің тарихи мұрасына бей-жай қарамауы біздің жүрегімізде мәңгі жадымызда сақталады», - делінген театрдың көңіл айту хатында.

Серіктес жаңалықтары