$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте бүйрегін ауыстырған науқастар наразылық білдірді

Пациенттер нефрология бөлімшесінің жабылуына қарсы

Шымкентте бүйрегін ауыстырған науқастар наразылық білдірді

Шымкентте бүйрегін ауыстырған науқастар наразылық білдірді. Ауыр отадан аман қалғандар тиісті медициналық көмектен қағылатын болдық деп дабыл қағып жатыр. Өйткені №1 клиникалық аурухананың нефрология бөлімшесін жауып, терапия бөліміне қосқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арансына сілтеме жасап.

«Неврология бөлімін жауып, терапияға қосып қойды. Сол жерден үш-ақ палата беріп отыр. Ол жерде науқас көп, трансплантация жасалған науқастар бар – 450 адам. Диализге дейін баратындар бар, онда 100-ден астам адам. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын кісі көп. Сол үшін біз өзіміз сыймай тұрған кезде, алды да, қысқартып тастады»,- дейді бірінші топтағы мүгедек Мақсат Құлсериев.

Бүйрегі ауыратын науқастар біраздан бері жатын орынды көбейтуді сұраған екен. Бірақ талабын орындаудың орнына, тұтас бөлімшені жауып тастаған.

«Бұл – қолдан жасалған қастандық» - дейді жиналғандар.

Алайда аурухананың бас дәрігері бұл шешімнің дұрыс екенін дәлелдеп әлек. Өйткені осыған дейінгі нефрология бөлімшесінің ғимараты бүйрегі ауыратындарға арналмаған екен. Оның үстіне оны жөндеуден өткізіп, травматология бөлімшесіне бермек. Ал терапия бөлімшесіне қосу арқылы қазіргі 15 орынға тағы 8 төсек-жай қосылады деді бас дәрігер.

 «Жалпы көрсетілетін медицина сапасы өзгермейді. Сапасы жақсармаса. Керісінше, жағдай жақсарып, дұрысталайын деп тұр. Нақты осы трансплантациядан кейінгі науқастарға деп жатырмыз. Трансплантацияны өзім жасаймын. Науқастардың жағдайына кері әсері тимейді», - деді Шымкент №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай.

Серіктес жаңалықтары