Ассоль Мирманова: Сайлаушылардың мүддесі белсендірек және көбірек қорғалатыны анық
19 наурыз күні Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді
Саясаттанушы, Еуропалық және Халықаралық саяси консультанттар қауымдастығының мүшесі Ассоль Мирманова алдағы Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Өңірлердегі өмірдің қалай өзгеретінін айтатын болсақ, сайлаушылардың мүддесі белсендірек және көбірек қорғалатыны анық. Сондықтан мажоритарлар ғана емес, партиялар да өз бағдарламасында өңірлердің тәуекелдері мен проблемаларын қарастырады деп сенемін», - дейді саясаттанушы.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 19 наурызға Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгіледі. Мәслихат депутаттарының сайлауы да дәл осы күні өтеді.