$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Саясаттанушы: Партияларды тіркеудің жаңа тәртібі партиялық өрісті белсенді ете түсті

Ол Парламент сайлауының үш негізгі ерекшелігін атап өтті

Саясаттанушы: Партияларды тіркеудің жаңа тәртібі партиялық өрісті белсенді ете түсті

Саясаттанушы, Президенттік жастар кадрлар резервінің мүшесі Мұхтар Күлжан алдағы Парламент сайлауы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол өз сөзінде Парламент сайлауының үш негізгі ерекшелігін атап өтті.

«Мен бірнеше трендті атап өткім келеді. Біріншіден, партияларды тіркеудің жаңа тәртібі партиялық өрісті белсенді ете түсті. Біз қазірдің өзінде тартысты күрестің куәгері болып отырмыз.

Екіншіден, жауапкершіліктің күшеюі, саяси жүйенің халықтың мүддесін өз мүддесінде көрсете алуы.

Үшіншіден, күреске бір мандатты депутаттардың қосылуы болашақ Парламенттер мен мәслихаттардың өз сайлаушыларымен жақындасуын айтады», - дейді саясаттанушы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 19 наурызға Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгіледі. Мәслихат депутаттарының сайлауы да дәл осы күні өтеді.

Серіктес жаңалықтары