$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Kaspi.kz өткен жылғы депозит өсімі бойынша бірінші орында тұр

Халықтың банктегі депозит көлемі 3 трлн 395 млрд теңгеден асты

Kaspi.kz өткен жылғы депозит өсімі бойынша бірінші орында тұр
Фото: Kaspi.kz

ҚР Ұлттық банкінің дерегінше 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халықтың Kaspi.kz-тегі депозитінің жалпы көлемі 3 трлн 395 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бар-жоғы бір жылдың ішінде қазақстандықтар жинақ ақшасын 895,2 млрд теңгеге көбейтті. Бұл Қазақстандағы барлық банктердің жылдық өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші.

«Сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс! Біз сүйікті клиенттеріміздің сеніміне үлкен жауапкершілікпен қараймыз және күткеніңізден асып, ары қарай технологиялық және инновациялық сервистерімізбен қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

Қазақстандағы ең танымал Kaspi Депозитті Kaspi.kz мобильді қосымшасында санаулы ғана секундта ашуға болады. Салымның ең аз сомасы бар-жоғы 1 мың теңгені немесе $10 құрайды. Тиімді сыйақы мөлшерлемесі – теңгемен жылдық 15% және АҚШ долларымен – 1%.

Серіктес жаңалықтары