03.02.2023, 08:42
Жаңалықтар
Доллар қайта арзандады: 3 ақпанға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк жұмаға арналған валюта бағамын жариялады
Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі 3 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы бір теңгеге арзандап, 459,92 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 460,87 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,57 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 458 теңгеден сатып алынып, 462 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 460 теңгеден сатып алынып, 462 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 459,92 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 505,77(еуро)
- RUB / KZT – 6,57 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,45 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 68,41 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,34 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,08 (өзбек сомы).
Көп оқылған
01.04.2026, 10:55
«Екі рет сараптама жүргізілді»: Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті неліктен психиатриялық ауруханаға жатқызылды
01.04.2026, 09:35
«Finsky Ice», «Сибирские морозы»: Семей тұрғыны гаражында спирт пен суды араластырып, ішімдік дайындаған
01.04.2026, 18:01
«Барселона» Қазақстаннан шыққан жас талантпен келісімшартқа отырды – Mundo Deportivo
01.04.2026, 09:12
Ақтауда ер адам түйесін көпқабатты үйдің жанына байлап қойған (ВИДЕО)