Алматы облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті

3 ақпанда таңертең Алматыдан алты бағыт бойынша көлік қозғалысы жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жауын-шашын мен температураның нөлден төмен түсуіне байланысты түрлі бағыттағы тасжолдар жабылды.

Мына жолдардағы жол қозғалысы жабық:

  • Алматы-Қонаев (25-67 км, Іле ауданы)
  • Алматы-Шелек-Қорғас (25-320 км, Еңбекшіқазақ ауданы)
  • Ресей Федерациясының шекарасы Екатеринбург-Алматы (2436-2214 км, Жамбыл ауданы)
  • Алматы-Өскемен (78-124 км, Қонаев-Жоламан)
  • Алматы-Өскемен (16-25 км, Алматы-ПВП терминалы)
  • Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас (126-172 км).