$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында үш ауданды еріген қар мен жаңбыр суы басып қалды

3 ауданда қардың еріген суы аққан

Түркістан облысында үш ауданды еріген қар мен жаңбыр суы басып қалды

Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Запаров Бақытжан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жауын-шашын көп түсуіне және қардың еруіне байланысты 3 аудандағы таулы жерлерде, атап айтқанда Бәйдібек (Шаян, Таңатар, Ынтымақ, Ақбұлақ, Шақпақ, Бірлік), Сауран (Бабайқорған, Абай, Үлгілі, Ораңғай, Майдантал, Шаға), Ордабасы аудандарында (Шұбарсу, Бадам, Шұбар) қардың қарқынды еруі салдарынан еріген судың төмен қарай ағуы болды», - деді Запаров.

Ол атағандай, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күшімен үйлерді су басуға жол бермеу үшін 2500 бірлік көлемінде қапшықтарды төсеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Майдантал ауылында жасанды каналдар қазып, аула учаскелерін су басу қаупінің алдын алды. Қазіргі уақытта құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын облыс аумағында тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Оған барлығы 308 адам, 51 бірлік техника, 25 мотопомпа, 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖД: 68 адам, 11 бірлік техника, 20 мотопомпа, 1 жүзу құралы. ЖАО 240 адам, 40 бірлік техника, 5 мотопомпа», - деп мәлімдеді Бақытжан Запаров.

Серіктес жаңалықтары