$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді 

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады
Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның солтүстік, шығыс аймақтарына солтүстік циклон жырасының әсер етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына оңтүстік циклон әсер етеді, соның әсерінен жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -23-25, күндіз -10-12°С болады.

Алматыда күннің аяғында бұлттылық күшейеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -3-5 аяз, күндіз +6+8°С болады.

Шымкент үшін күн бұлтты, кейде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 17-22 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +8+10°С болады.

Серіктес жаңалықтары