COVID-19 пандемиясын аяқтауға әлі ерте - ДДҰ
Ғалымдар жер шары пандемиядан құтылмаған деген қортындыға келді

Коронавирустың аяқталуына әлі ерте. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) дүйсенбіде үш жыл бұрын жариялаған COVID-19 пандемиясы жайлы талқылады. Ғалымдар жер шары пандемиядан құтылмаған деген қортындыға келді. Ресми түрде шешім ковидтің халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай мәртебесін сақтайтынын білдіреді. Бұл ДДҰ классификациясы бойынша қауіптің ең жоғары деген мағынаны білдіреді.
ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс Төтенше жағдайлар жөніндегі сараптама комитетінің ұсыныстарымен келіскен. ДДҰ басшысы коронавирустық төтенше жағдайдың жақын арада жойылуы мүмкін деген үмітін білдірген еді. Алайда, Қытайдағы аурудың күрт өршуі және 2023 басында өлім-жітімнің жаһандық өсуі бұл болжамдарды жоққа шығарды.
Өткен жылдың қыркүйегінде ДДҰ Бас директоры пандемияның аяқталуы жақындап қалғанына сенімді болды, ал желтоқсанда ол 2023 жылы аяқталды деп үміттенді.
Ол кезде ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 байланысты өлім-жітімнің орташа саны аптасына 10 мыңды құраған. Бұл 2022 жылдың қаңтарынан бес есе аз.
Алайда, осы аптаның сейсенбісінде ДДҰ басшысы желтоқсаннан бастап бүкіл әлем бойынша COVID-19 өлімінің өсуі көбейіп кеткенін мәлімдеді.
Үндістан қайтадан бетперде киюге өтсе, Қытайдағы ауруханалар науқастарға лық толды.
Қытайдағы "нөлдік ковид саясаты" жойылғаннан кейін бес апта ішінде ауруханаларда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 60 мыңға бірақ жеткен. Бұл үкіметтің ресми деректері, бірақ сарапшылар нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары деп санайды. Өйткені, үйінде қайтыс болған адамдар санаққа кірмейді. Сондай-ақ, Қытайдағы көптеген дәрігерлер ковидті өлімнің негізгі себебі ретінде көрсетпеуге тырысқаны туралы хабарланды.
"Біздің жағдайымыз қазір пандемия басталған үш жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы болғанымен, Дүниежүзілік реакция күштеріне жүктеме қайтадан өсті", - деп атап өтті ДДҰ басшысы.
Гебрейюс әлемде вакцинацияланғандар санының аз болуы, антивирустық препараттарға қолжетімділіктің шектеулі болуы және көптеген елдердегі денсаулық сақтау жүйелері пациенттердің ағынына төтеп бере алмайтындығын атап өтті.
ДДҰ басшысы COVID-19 пандемиясын тоқтатуға тырысатын дәрігерлер мен халықаралық ұйымдар үшін маңызды сынақ болып қала береді. Қытайдағы ковидтің жаңа толқынына байланысты көптеген елдер Қытайдан келушілерге шектеулер қоя бастады. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Австралия, Канада, Израиль Қытайдан келушілерге міндетті тестілеуді енгізді.