Синоптиктер ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады
Бірқатар өңірде екпінді жел соғып, жауын-шашын жауады

«Қазгидромет» синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с құрайды. 2-3 ақпанда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады. 3 ақпанда желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
1-3 ақпанда күндіз ауа температурасы 5-10 градус жылыса, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 0-5 градус аязға дейін көтеріледі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с жетеді. 1 ақпанда оңтүстікте, шығыста, таулы аудандарда жауын-шашын болады. 2-3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз 3 ақпанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Өңірдің таулы аудандарын тұман басады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 9-14 м/с құрайды. Екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Алакөл көлдері аумағында желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі мүмкін. 2-3 ақпанда күндіз ауа температурасы 2-7 градус жылыға дейін көтеріледі.
Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды.
Шымкент қаласында түнде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігі тұманды болады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болжанады.