Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірінде 12 градусқа дейін күн жылиды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ жаңбыр жаууы мүмкін

Фото ашық дереккөзден

Метеорологтар 31 қаңтар-2 ақпан аралығында Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Республиканың солтүстік жартысы әлі де жоғары атмосфералық қысым аумағының ықпалында болатындықтан, аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ал елдің оңтүстік жартысының ауа райын оңтүстік циклон анықтайтындықтан, жауын-шашын, 2 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр түрінде) болып, ауа температурасы 5-12 градус жылыға дейін жоғарылауы мүмкін.