30.01.2023, 08:45
Жаңалықтар
Доллар тағы арзандады: 30 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк дүйсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото: smi24.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі 30 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни дүйсенбіде доллар бағамы тағы арзандап, 460,43 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында америкалық валюта бағамы 461,37 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,69 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 459,5 теңгеден сатып алынып, 463 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 459 теңгеден сатып алынып, 462,5 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 460,43 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 501,04 (еуро)
- RUB / KZT – 6,65 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,47 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 67,89 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,35 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,08 (өзбек сомы).
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды