Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, тұман түседі
Республиканың басым аумағында күн ашық болады
Синоптиктер 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік өңірлерде солтүстік циклон жырасына байланысты аздаған қар жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел секундына 3-8 метрге жетеді. Күндіз -12-14, түнде -20-22°С болады.
Алматыда да жауын-шашын күтілмейді, жел секундына 0-5 метрге жетеді. Күндіз 0+2, түнде -7-9°С болады.
Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел секундына 3-8 метрге жетеді. Күндіз +7+9, түнде -6-8°С болады.