1-2 дәрежелі күйік алған жүргізуші ауруханаға түсті
Елордада көшеде «ГАЗель» автокөлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін сағат 08.06-да Өрт сөндіру қызметіне газель автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде «ГАЗель» автокөлігі жанып жатқаны анықталды.
«Өрт сағат 08.22-де сөндірілді. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 1990 жылы туған көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жүргізуші беті, екі қолы, екі табаны 1- 2 дәрежелі термиялық күйік алған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 6 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.