Аусыл болуы мүмкін: Ақтөбе облысында ірі қаралар ауруға шалдықты
Малдың аузынан көбік шығып, азыққа тәбеттері жоғалған
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Тереңсай кентінде 5-6 бас ірі қара ауруға шалдығып, жергіліктің халықтың үрейін туғызды. Малдың аузынан көбік шығып, азыққа тәбеттері жоғалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Диапозон» ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Диагнозды анықтау үшін Астанадан Ұлттық референттік орталықтың ветеринария қызметкерлері келіп, зерттеу үшін сілекей мен қанды іріктеп алып, зертханаға жіберді. Өткен жылы республикалық қордан аусылға қарсы вакцинаның 1 665 271 дозасы бөлініп, облыста малдарға тиісті екпе салынған.
«Ветеринарлар ауылдық округті аралап, малдарды тексеруде, алайда аусыл белгілері анықталған жоқ. Әйтеке би ауданындағы жағдай тұрақты. Ірі қара малдың өлімі болған жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы.
Әйтеке би ауданының «Саят» ШҚ-да аусылға қарсы мал егілді ме деген сұраққа ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай облыста барлық мал басына жеткілікті вакцина салынғанын айтты. Ал «Саят» ШҚ-да мал егілді ме, жоқ па, оны жүргізіліп жатқан қызметтік тергеу қорытындысы анықтайды.