26.01.2023, 20:59
Жаңалықтар
Australian Open-2023: Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы белгілі болды
Финалдық бәсеке 28 қаңтар күні өтеді
Фото ашық дереккөзден
Бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионатының финалына жолдама алды. Оның ақтық сындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екінші жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко дүниежүзілік рейтингіде 45-орында тұрған поляк қызы Магда Линетті 7:6 (7:1), 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта А. Соболенко 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Осылайша, беларусь теннисшісі өзінің спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты.
Финалдық бәсеке 28 қаңтар күні өтеді.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды