Елордалық шұтқарушылар кезекті құтқару операциясын жүргізді
Астанада ашық тұрған құдыққа түсіп кеткен әйел адам құтқарылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«112» желісіне Ұлы Дала даңғылы мен Анырақай көшесінің бойында ашық құдыққа әйел құлағаны туралы хабар келіп түсті.
«Шақыру орнына жедел түрде 13 қызметкер мен 3 бірлік техникадан тұратын елордалық ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Құтқару арқанының және сатысының көмегімен жедел және кәсіби іс-қимылдар нәтижесінде, сондай-ақ құтқарушының сүйемелдеуімен құдықтан 1997 жылғы әйел құтқарылды», - делінген хабарламада.