Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2700-ден асты

Автор: Azattyq Rýhy

Қауіпті індетті жұқтырғандар саны 78 400-ден асып кетті

Фото: ашық дереккөзден

Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2744-ке жетті. 32 400-ден аса адам ауруханадан жазылып шықса, қауіпті індетті жұқтырғандар саны 78 400-ден асып кетті.

Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлады.

Коронаврус ең көп тараған аймақ Хубэй провинциясы. Мұнда 65,5 мың адам індетті жұқтырса, 2,6 мың адам вирустан көз жұмды. Жазылып шыққандар саны - 23,2 мың.

Ал, Пекинде 400 адам коронавирус жұқтырып, оның 235-і ауруханадан жазылып шықты. Төрт адам қайтыс болды.