ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 152 мыңнан асты

Ресейдің үш азаматынан коронавирус анықталды

Оларды дәрігерлер карантинге жауып, тиісті емін жүргізіп жатыр

Diamond Princess лайнерінде болған ресейлік үш азаматтан коронавирус анықталды, деп жазады РИА Новости. Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғауды бақылау қызметінің (Роспотребнадзор) басшысы Анна Попова мәлімдеген.

Оның айтуынша, ауру жұқтырған үш адамның да жағдайы жақсы, олар дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ, аталған кемеде болған тағы 5 ресейлікті де оқшаулаған. Дегенмен, олардан COVID-19 вирусы анықталған жоқ.

«Барлығының дене қызуы бірқалыпты, дабыл қағатындай емес. Вирус жұқтырғандар да өздерін жақсы сезінеді, сырқаттанудың белгілері жоқ», - деді Анна Попова.

Еске салайық, Diamond Princess лайнерінде барлығы 3700 адам болған. Олардың төртеуі Қазақстан азаматтары. 24 ақпан күні отандастарымыз елге оралды және карантинге жабылды.