26.01.2023, 08:43
Жаңалықтар
Доллар тағы арзандады: 26 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі 26 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни бейсенбіде доллар бағамы тағы арзандап, 461,41 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 461,88 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,7 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 461,5 теңгеден сатып алынып, 465 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 462 теңгеден сатып алынып, 464 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 461,41 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 502,06 (еуро)
- RUB / KZT – 6,7 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,54 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 68,03 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,36 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,1 (өзбек сомы).
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды