Байқоңырда қарулы адам полицейді өлтірмек болған
Ер адам өз кінәсін мойындамаған

Байқоңырда қарулы адам полицейді өлтірмек болған. Бұл туралы «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 2022 жылдың 5 желтоқсанында болған.
«Тергеу 2022 жылғы желтоқсанда бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған шабуылшы «Лемар» дәмханасына келіп, атыс қаруымен жәбірленушіге екі рет оқ атқанын анықтады. Алайда кафеге келушілердің белсенді әрекетінің арқасында оқ тимеген», - делінген ведомство сайтында.
Сонымен қатар, тергеу барысында ер адам өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкерін көпшілік алдында балағаттаған.
«Қазір ол қамауда, Ресей ІІМД «Байқоңыр» кешеніндегі уақытша ұстау изоляторында отыр», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Ер адам өз кінәсін мойындамаған. Дегенмен, прокурор жинаған дәлелдеме базасы жеткілікті болған.