25.01.2023, 20:18
Жаңалықтар
Президенттің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
Жиында Қарулы Күштерді одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды
t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Қарулы Күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.
Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды