$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ескертуге қарамай алыс жолға шыққан: түркістандық жүргізушіге 72 450 теңге айыппұл салынды

Оқиға «Балқаш-Алматы» тасжолында болды

Ескертуге қарамай алыс жолға шыққан: түркістандық жүргізушіге 72 450 теңге айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Полицияның ауа-райының қолайсыздығы туралы ескертуін елемеген түркістандық жүргізуші 72 450 теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға «Балқаш-Алматы» тасжолында болған. Жүргізуші полицияның қалың қар жуып, жолдың жабық екенін ескерткен тәртіп сақшыларының нұсқауын елемей, көлігімен жүйткіп өте шыққан.

«ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы «Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет өкілінің талабына бағынбау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Нәтижесінде құқық бұзушыға 72 450 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары