Шығыс Қазақстанда екі жасөспірім бейімдеу орталығынан қашып кетті

Azattyq Rýhy

Жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ

 

Шығыс Қазақстанда екі жасөспірім бейімдеу орталығынан қашып кетті
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан екі жасөспірім қашып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

22 қаңтарда сағат 20.20-да «102» арнасына орталықтың тәрбиешісі хабарласып, екі жасөспірімнің жоғалып кеткенін хабарлаған. Қызметкердің айтуынша, 17 жастағы жасөспірімдер орталықтан ешкімге айтпастан, өз еркімен кетіп қалған.

Олардың орналасқан жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел іздестіру тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары жолаушылармен, таныстармен сөйлесіп, айналадағы аумақтарды мұқият тексерген.

Жедел шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер Согра шағын ауданынан табылған. Олар танысының үйінде болған. Іздеу жұмыстары бір тәулікке созылды.

Жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ, қазіргі уақытта олар орталыққа жеткізілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.