$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АШМ жемқорлық тәуекелдері жоғары онға жуық субсидияны жояды

Субсидиялау қағидаларының барлық жаңа жобасы мемлекеттік органда келісу рәсімінен өтіп жатыр

АШМ жемқорлық тәуекелдері жоғары онға жуық субсидияны жояды
© Sputnik

АШМ жемқорлық тәуекелдері жоғары 10-ға жуық субсидияны жояды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек министрліктің алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Вице-министр сүтке, құс етіне және жұмыртқаға тауарлық спецификалық субсидиялар бойынша нормативтер өзгеріссіз қалатынын айтты.

«Жалпы тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелерін алу нормасы енгізіледі. Негізгі мемлекеттік-ақпараттық базалармен интеграцияланған субсидиялардың тегін, мемлекеттік-ақпараттық жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге күту парағы енгізілді», - деді ол.

Тамабек атағандай, субсидиялау қағидаларының барлық жаңа жобасы мемлкеттік органда келісу рәсімінен өтіп жатыр. Ол жақын арада бекітіледі.

Серіктес жаңалықтары