Ерлан Саиров: Экономикалық жағдайды жақсарту үшін бізге жаңа адамдар, жаңа шешімдер қажет

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол экономикалық жағдайды жақсарту үшін сайлаулар көп өтуі тиіс екенін айтты

Фото ашық дереккөзден

Парламент Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты Ерлан Саиров алдағы сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мәжіліс пен мәслихат сайлауы еліміздегі саяси реформалардың логикасына сәйкес келеді. Себебі саяси жүйеде үлкен трансформация болып жатыр. Трансформацияның бір бөлігі өкілетті органдарға, оның ішінде Парламентке жаңа күштер, жаңа азаматтар мен жаңа леп беруі керек. Сондықтан бұл – өте дұрыс шешім», - деді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, экономикалық жағдайды жақсарту үшін бізге жаңа адамдар, жаңа әлеуметтік экономикалық шешімдер қажет.

«Ал жаңа экономикалық шешімдерді жасайтын тың күші бар, өзінің креативті ойы бар жаңа азаматтар. Сондықтан керсінше, экономикалық жағдайды түзеу үшін бізде осындай сайлаулар көп болуы тиіс. Бұл сайлаудың ерекшелігі аудандық мәслихаттардың депутттарын халық тікелей сайлайды. Облыстық депутаттардың жартысын тікелей халық сайлайды. Мәжіліске бір мандатты округтерден бір мандат келеді. Конституциядағы ең негізгі принцип – әр азаматтың сайлау және сайлануға қатысуы іске асады», - деді ол.

Саиров Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының арасындағы айырмашылық туралы да айтты.

«Мәжіліс депутаттары заң шығару құқығына ие, ал мәслихат депутаттары жергілікті жерде тиісінше жергілікті бюджеттің дұрыс атқарылуын, оны халықтың мүддесіне жұмсалуын қарастыруы керек. Мәжіліс те, мәлихат та Қазақстанның өкілетті органдарының негізін құрайды. Мәжіліске бір мандатты округтен, яғни 30 пайызын халық тікелей сайлайды. Бұл кандидаттар бір партияның мүшесі болуы, болмауы міндетті емес. Яғни олар бейресми, тәуелсіз кандидаттар болады деген сөз», - деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісті таратып, сайлауды 19 наурызға бекіткен болатын. Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясы мәслихат сайлауын да 19 наурызға белгілеген еді.