Валюта бағамы: 23 қаңтарда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банк дүйсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық банкі 23 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни дүйсенбіде доллар бағамы сәл арзандап, 462,55 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында америкалық валюта бағамы 462,77 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 6,73 теңге болды.

Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 461 теңгеден сатып алынып, 464,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 462 теңгеден сатып алынып, 465 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 462,55 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 500,85 (еуро)
  • RUB / KZT – 6,74 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 24,6 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 68,2 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,39 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 4,11 (өзбек сомы).