Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Тек республиканың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады
Синоптиктер 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды солтүстік-батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын болып, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Еліміздің оңтүстік аумақтарында тұман түседі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -9-11°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз -3-5°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз 0+2°С болады.