$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы жасы ең үлкен және ең кіші әкімдер кімдер

Бүгінде еліміздегі облыс әкімдерінің орташа жасы 52,7 жасты құрайды

Қазақстандағы жасы ең үлкен және ең кіші әкімдер кімдер
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy

Сарапшылар Қазақстандағы облыс басшыларының жасы мен қызмет мерзіміне зерттеу жүргізіп, ең жас әкімді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ranking.kz зерттеуінше, бүгінде еліміздегі облыс әкімдерінің орташа жасы 52,7 жасты құрады.

Сонымен, еліміздегі ең жасы үлкен әкім Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын басқарады. Әкім 68 жаста. Одан кейінгі орындарда Жетісу облысын басқаратын Бейбіт Исабаев (60 жаста) пен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов (59 жаста) тұр.

«Ал ең жас облыс әкімі Мұрат Әйтенов (41 жаста), ол республикалық маңызы бар Шымкент қаласын басқарады. Жастар қатарында сондай-ақ Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43 жас) пен Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов (44 жас) та бар», - дейді сарапшылар.

Айта кетсек, ең жас әкім Мұрат Әйтенов бұл қызметіне 38 жасында қызметке кіріскен болатын.  Әйтеновтің облыс басшысы лауазымындағы қызмет мерзімі – 3 жыл. Атырау және Павлодар облыстарының әкімдері де қызметке кіріскен кезінде ең жас әкімдердің қатарында: 42 және 44 жаста болған еді.

Шығыс Қазақстан облысын басқарып отырған Даниал Ахметов бұл қызметте 8,2 жылдан (ең ұзақ мерзім) бері жүр. Ол облыс әкімі қызметіне 60 жасында тағайындалған болатын.

Серіктес жаңалықтары