20.01.2023, 08:34
Жаңалықтар
Доллар арзандады: 20 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк жұмаға арналған валюта бағамын жариялады
Фото: kapital.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі 20 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы екі теңгеге арзандап, 462,77 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 464,34 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,73 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 462 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 462,5 теңгеден сатып алынып, 466,5 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 462,77 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 501,04 (еуро)
- RUB / KZT – 6,73 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,62 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 68,22 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,4 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,11 (өзбек сомы).
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген