Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің кей өңірінде 25 градус қатты аяз болуы мүмкін

Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды солтүстік-батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.  Тек күндіз республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады, оңтүстігінде жел күшейеді, тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында түнде 25 градус қатты аяз болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -23-25, күндіз -9-11°С аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -4-6°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз 0-2°С болады.