$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 775 миллион теңгеге салынған жаңа емхана құлағалы тұр

Емхана қызметкерлері жандарын шүберекке түйіп жұмыс істеуге мәжбүр

Алматыда 775 миллион теңгеге салынған жаңа емхана құлағалы тұр
фото: astanatv.kz

Алматыда 775 миллион теңгеге салынған жаңа емхананың сапасы сын көтермейді. Ғимараттың қабырғалары жарылып, төбесі құлайын деп тұр. Алайда медициналық мекемені жөндеуге билік өкілдері асықпайды. Аталған мәселені «AMANAT» партиясының мүшелері бақылауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy AstanaTV-ға сілтеме жасап.

2017 жылы пайдалануға берілген емхана ғимараты шөгіп барады, қабырғалар қақырап тұр. Дәрігерлер жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап бірнеше рет хат жазған көрінеді. Бірақ нәтиже жоқ.

«Қорқыныш бар. Өздеріңіз көрдіңіздер, қанша сантиметрге төмендегенін. Пациенттер де сыртыннан көріп, кіруге де қорқады. Әр қызметкер осы подвалға кіріп, киініп-шешінеді. Дәрі-дәрмек тұр», - дейді Алматы қаласы № 7 қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ләззат Жұмаділова.

Емханада 200 маман қызмет етеді. Тәулігіне 400-ге жуық науқас қабылдайды. Олардың бәрінің өміріне қауіп төніп тұр. Аурухана қызметкерлері өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізген. Оған 4 жарым жыл ішінде миллион теңге жұмсалған көрінеді.

«ТЖД-ға да хабарластық. Сейсмология институтына да хабарластық. Қағаздарына қарасақ, еш қауіп жоқ, пайдалана беруге болады дейді. Бірақ жыл сайын көріп отырмыз, ғимарат отырып жатыр. 5 жылдың ішінде 10 шақты сантиметрге отырған шығар», - деді Алматы қалалық №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Манас Рамазанов.

«AMANAT» партиясының мүшелері бұл жағдайды бақылауға алды.

«Емхана, ауруханалар, мектептер кем дегенде 10-15 жыл жөндеусіз тұру керек. 4 жылдың ішінде қайтадан жөндеу керек болып тұр. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Партия тарапынан осы мәселені көтеріп, аяғына дейін жеткіземіз», - деді Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Ерболат Қасымов.

Серіктес жаңалықтары