$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Саяси партиялар аймақтық деңгейде белсенді түрде алға жылжиды – сарапшы

Оның пікірінше сайлау саяси белсенді азаматтардың қазақстандық сайлаушылармен қарым-қатынасының жаңа жүйесін іске қосады

Саяси партиялар аймақтық деңгейде белсенді түрде алға жылжиды – сарапшы

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әмина Үрпекова алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын алдағы сайлаудың басты ерекшеліктерінің бірі оларды аралас сайлау жүйесі бойынша өткізу болып саналады, онда 69 депутат партиялық тізім негізінде пропорционалды жүйе бойынша, ал бір мандатты сайлау округтері бойынша 29 депутат сайланатын болады.

Айта кету керек, заң шығарушы органның мүшелерін сайлаудың ұқсас жүйесі әлемнің басқа елдерінде де жұмыс істейді. Жаңа Зеландия, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Литва, Мексика, Ұлыбритания және т.б. Әрине, бұл елдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, айрықша белгілері бар, бірақ тұтастай алғанда, аралас сайлау жүйесі пропорционалды және мажоритарлық жүйелердің жағымды жақтарын сіңірді және олардың кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді деп саналады», - дейді А. Үрпекова.

Сөз арасында ол аралас сайлау жүйесінің артықшылықтарына, сол сияқты депутаттар жұмысына тиімділігіне тоқталып өтті.

«Аралас сайлау жүйесінің артықшылықтарына сайлаушының енді партияға дауыс беру арқылы белгілі бір саяси бағдарламаға, сондай-ақ өз аймағынан белгілі бір кандидатқа артықшылық беру мүмкіндігі бар екендігі жатады. Осылайша, саяси мүдделердің өкілдігі сақталады және сайлаушының белгілі бір аймақтан сайланған депутатпен байланысы нығаяды. Сонымен қатар, сайлаушылар енді бір мандатты округ бойынша сайланған өз депутатын қайтарып алу мүмкіндігіне ие болады, бұл депутаттар жұмысының тиімділігіне, олардың азаматтар үшін ашықтығы мен қолжетімділігіне оң әсер етуі тиіс.

Саяси өмірді жандандыру туралы ойды жалғастыра отырып, жаңа жүйе елдегі партиялық жүйе мен көппартиялылықтың дамуына серпін береді. Мысалы Жаңа Зеландияда аралас жүйе енгізілгеннен кейін Парламентте этникалық, тілдік азшылықтарды білдіретін кішігірім саяси партиялар өкілдік алды», - деп ойын жеткізді ол.

Айтуынша биылғы парламенттік сайлау саяси белсенді азаматтардың қазақстандық сайлаушылармен қарым-қатынасының жаңа жүйесін іске қосады.

«Сонымен қатар, саяси партиялар аймақтық деңгейде белсенді түрде алға жылжуға мәжбүр болады, өйткені бір мандатты округтер бойынша сайлау елдің заң шығарушы органында депутаттық креслолар алуға қосымша мүмкіндік береді.

Осылайша, 2023 жылғы парламенттік сайлау саяси партиялардың, саяси белсенді азаматтардың қазақстандық сайлаушылармен қарым-қатынасының жаңа жүйесін іске қосады», - деп сөзін түйіндеді.

Серіктес жаңалықтары