Әлихан Смайылов жаңа қызметке ие болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ҚР Премьер-министрі лауазымында да қалады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов сайланды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осыған дейін бұл лауазымды Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар Кеңесінде қалады.