Рамиль Мухоряпов қазақ тіліне қатысты мәлімдемесі үшін жазаланбайтын болды
Полиция бизнесменге қатысты істі тоқтатты

Қазақ тіліне қатысты мәлімдемесінен кейін қоғам наразылығын тудырған бизнесмен Chocofamily Holding компаниясының иесі Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тengrinews.kz порталының жазуынша, бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді.
«Құқық қорғау органдары жүргізген сотқа дейінгі тергеу нәтижесіне сай, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 35-бабы 1-бөлімі 2-тармағына сай, істе қылмыстық құрамның болмауына байданысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады Алматы прокуратурасының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев.
Айта кетейік, Chocofamily Holding компаниясының иесі Рамиль Мухоряпов Ресейден Қазақстанға көшіп келгендермен кездесу барысында қазақ тілінде жауап қату мәдениетсіздік екенін айтып, көпшіліктің ашуын туғызған еді. Оның үстінен Бас прокуратураға депутаттар арызданған болатын.