Бұл туралы ол Давостағы экономикалық форумда мәлімдеді
Германия канцлері Олаф Шольц Ресейге қатысты шулы мәлімдеме жасады. Ол Украина-Ресей соғысында Федерацияны жеңіліске ұшырату керек деп санайды. Оның айтуынша, Ресей Украинадағы соғыс қимылдарын аяқтау үшін өздері бастаған операциясында сәтсіздікке ұшырауы керек. Бұл туралы ол Давостағы экономикалық форумда мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Украина еліндегі соғыс және жанжал аяқталуы үшін Ресей сәтсіздікке ұшырауы керек», - деді Олаф Шольц
Латвия Украинаға одан әрі әскери көмек көрсетуге ниетті екенін жариялады. ЕО мен НАТО-ның Балтық елі жақын арада Киевке «Стингер» зениттік зымырандарын, тікұшақтар, оқ-дәрісі бар пулеметтер мен дрондарды жеткізеді.
Қорғаныс министрі Инара Мурниеценің хабарлауынша, Латвияда украиналық әскери қызметшілерді қарқынды даярлау жоспарланып отыр. Министрлік жоспарланған қару-жарақ жеткізілімдерінің кестесіне қатысты қосымша ақпарат берген жоқ.
Ал Канада Украинаға тағы 200 әскери техника мен танк жіберуге ниетті. Бұл туралы Канаданың Қорғаныс министрі Анита Ананд Киевке сапары кезінде мәлімдеді. Экипаждарды канадалық Roshel компаниясы сатып алады және олардың құны шамамен 90 миллион канадалық доллар (шамамен 62 миллион еуро) болады. Бұл – премьер-министр Джастин Трюдо қараша айында жариялаған шамамен 500 миллион долларлық әскери көмек пакетінің бір бөлігі ғана. Көмек ретінде берілетін бронетранспортерлер (БТР) жаяу әскер тобын, жараланған немесе оқ-дәрілерді тасымалдауға қолданылмақ.