$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Трамп президент сайлауына дейін Twitter мен Facebook-ке оралмақ

Оның аккаунттары түрлі мерзімге бұғатталған болатын

Трамп президент сайлауына дейін Twitter мен Facebook-ке оралмақ
Фото: wdef.com

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп жаңа президенттік сайлауға дейін Twitter және Facebook әлеуметтік желілеріне оралмақ. Бұрын оның аккаунттарын компания бұғаттап тастаған болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шетелдік БАҚ хабарлауынша, Instagram, Twitch, Twitter, Facebook, YouTube және Instagram 2021 жылдың 6 қаңтарында Вашингтондағы тәртіпсіздіктер туралы мәлімдемесіне байланысты Трамптың аккаунттарын әртүрлі мерзімге бұғаттады. Жуырда Дональд Трамп 2024 жылы президент тағына күресуге ниетті екенін ресми түрде мәлімдеген еді.

«Біз экс-президент Трамптың Facebook-тегі аккаунтына тыйым салу қоғамдық дискурсты күрт бұрмалап, баяулатты деп санаймыз», - деп жазды Трамптың командасы Мetaға жолдаған  хатында.

Трампқа жақын кейбір дереккөз болжағандай, оның мәлімдемелері сот процесіне қауіп төндірмеген. Керісінше, оның командасы бұл кедергілер сөз бостандығына қойылған тосқауыл деп санайды.

Facebook осы жылдың 7 қаңтарынан бастап екі жылдан кейін Трампқа шектеулі тыйым салуды тоқтатты.  Twitter-дің жаңа қожайыны Илон Маск 19 қарашада Трамптың аккаунтын қалпына келтіріп, компанияның бұрынғы басшылығын тыйым салғаны үшін сынға да алды. Алайда Трамп әлі Твиттерге ешқандай мәлімдеме жазған жоқ.

Экс-президенттің кеңесшілері Трамптың басқа әлеуметтік медиаплатформаларда посттар орналастырумен шектелуі мүмкін екенін де мәлімдеді. Ол өзінің Truth Social деп аталатын әлеуметтік желінің негізін қалатқан. Трамптың Truth Social платформасында 4,8 миллионнан астам жазылушысы бар. Ал Twitter-де 88 миллионға жуық, Facebook-те 34 миллионға жуық оқырманы болған еді.

Федералды сайлау комиссиясының сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Трамп 2024 жылы Мемлекет басшысының сайлауына қатысу үшін АҚШ президенттігіне кандидат ретінде тіркелген.

Бұған дейін де Трамп президенттік бәсекеге қатысатынын бірнеше рет айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары