$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы аман табылды

Полицейлер жасөспірімді көше бойынан тауып, анасына тапсырды

Семейде жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы аман табылды
фото: polisia.kz

Семейде полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 қаңтарда 102 жедел арнасына 39 жастағы жергілікті тұрғынның 13 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған қоңырауы келіп түседі. Оның айтуынша, бала үйден сағат 07:40-та мектепке қарай жол тартқан. Дабыл сигналы бойынша Абай облысы полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы көтерілді.

Тәртіп сақшылары кез-келген ақпаратқа ие бола алатын таныстары мен куәгерлерінен жауап алып, іргелес аумақтарды мұқият зерттеді. Әр аумаққа бөлініп, әр аулаға тінту жүргізді.

Іздеу барысында полиция қызметкері Мичурин көшесінде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған баланы тауып, баланы анасына тапсырды.

Оның үйінен кету себебі анықталуда.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#оқушы #бала