$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде студенттерге жеңілдікпен несие берiлмек

Несиелеуді іске қосу қолданыстағы заңнамада қажетті нормалар қабылданғаннан кейін 2024 жылдан бастап күтіледі

Елімізде студенттерге жеңілдікпен несие берiлмек
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда 2024 жылдан бастап студенттер үшін жеңілдікті несиелеу енгізілуi мүмкін, деп хабарлайды Azattyq ruhy LS-ке сілтеме жасап.

Өткен жылы Ғылым және жоғары білім министрі (ҚР ҒЖБМ) Саясат Нұрбек оқу ақысын 2-3%-ға төлеуге ұзақ мерзімді жеңілдікті несиелер беру жоспары туралы айтып берді.

Министрлiкте жоғары білімге қол жетімділікті кеңейту аясында заңнамалық деңгейде "Білім беру несиесі" ұғымы енгізілгенін түсіндірді. Бұл термин студенттердің оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеу мүмкіндігімен оқу ақысын төлеуге несие алуын білдіреді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша білім алушыларға ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін, әлеуметтік жағдайды, ғылыми (шығармашылық) жетістіктерді ескере отырып, жоғары білімге ақы төлеу үшін нысаналы ақша сомасының белгілі бір үлесін алуды қамтамасыз ету мақсатында сараланған грант енгізу мәселесі пысықталуда", - деп атап өтті министрлікте.

Несиелеуді іске қосу қолданыстағы заңнамада қажетті нормалар қабылданғаннан кейін 2024 жылдан бастап күтіледі.

Оған білім беру грантының иегері болмаған талапкерлер үміткер бола алады. Осылайша, олар мемлекет кепілдігімен несие алып, оқуына ақы төлей алады.

Сондай-ақ, қарызды өтеу мерзімдерін белгілеу кезінде қарыз алушылардың жекелеген санаттары (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) ескерілетін болады.

"Төмен пайыздық мөлшерлемемен Қазақстан азаматтарына мемлекеттік білім беру несиелерін беру туралы мәселе пысықталуда", - делінген ресми жауапта.

Жеңілдікті несиелеуді іске асыру қаржы агентін тарта отырып, екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, министрлік білім беру гранттарын саралаудың бірнеше моделін қарастыруда.

Үздік академиялық, ғылыми нәтижелері бар, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктері бар талапкерлер толық "Дарын" грантын ала алатыны белгілі.

"Бұл оларға жаһандық білім беру бағдарламаларында, қос диплом бағдарламаларында, ҚР аумағында орналасқан жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ҰБТ балына және өзге де көрсеткіштерге байланысты талапкерлерге берілетін білім беру гранттарының өзге де түрлері енгізiледi", - деп қорытындылады министрлікте.

Серіктес жаңалықтары