Президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ ол Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі

фото: ҚР СІМ

«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Талғат Қалиев 1962 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, мамандығы - тарих мұғалімі.

1993 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінде 2 хатшы болған. Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Румыния, ОАР елдерінде әртүрлі дипломатиялық қызмет атқарған.