Коронавирусқа қарсы вакцина кемінде жарты жылдан соң дайын болуы мүмкін
Жаңа вакцина мың адамға дейін сыналып, жаппай қолдану үшін тек бір – бір жарым жылдан кейін ғана дайын болады

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина бір жарым ай бойы адамдарда сыналуы мүмкін. Ал, жаппай қолданысқа енгізу үшін ол тек бір-бір жарым жылда дайын болады, деп хабарлады АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының директоры Энтони Фаучи.
Оның айтуынша, вакцинаны сынаудың бірінші кезеңі шамамен үш айға созылады. Бұл кезеңде вакцинаны 45 адамға сынайды, ал келесі кезеңде мың адамға дейін сыналады.
«Тіпті барлығын үлкен жылдамдықпен жасағанның өзінде вакцинаны дайындау 6-8 айға созылады. Ал, ол көпшілікке тек бір-бір жарым жылда қолжетімді болады», - деді Энтони Фаучи.
РИА Новости-дің хабарлауынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 мыңнан асып кетті. 29 мыңнан астам адам жазылып шықса, 2715 адам індеттен көз жұмған.