Ұлытау облысына киіктер көптеп келіп жатыр

Автор: Әйгерім Ердәулет

Сала мамандары темір жол бойында орналасқан темір торларды ашып, киіктердің тосқауылсыз өтуіне жағдай жасады

Фото ашық дереккөзден

Ұлытау облысы аумағында бүгінгі таңда киіктер нөпірі байқалып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл көрініс ашатұяқты жануарлардың жылы жаққа кешігіп қалғандықтан орын алып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy жергілікті әкімдіктің Telegram каналына сілтеме жасап.

«Ұлытау облысы әкімдігінің және сала мамандарының ұйымдастыруымен жануарларға аса қауіпті аймақ саналатын темір жол бойында орналасқан темір торларды ашып, киіктердің тосқауылсыз өтуіне жағдай жасады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, киелі жануар киікті атуға 2024 жылға дейін мораторий жарияланған.