Парижде Иранның қатаң режиміне қарсы акция өтті
Ирандықтарды қолдауға арналған іс-шараға қала мэрі де қатысты
Дүйсенбіде кешке Париждің Эйфель мұнарасында ирандықтарды қолдау акциясы өтті. Онда «Ирандағы өлім жазасын тоқтату керек!», «Әйелдер – өмір – бостандық» деген ұрандар болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еuronews-ке сілтеме жасап.
Париждегі ирандықтарды қолдауға арналған іс-шараға қала мэрі Анн Идальго да қатысты. Олар Иранда осымен төрт ай бойына жергіліктік халықтың құқығын қысымға алып жатқан биліктің ұстанымына қарсылық білдірді. Қазан айында Тегеранда хиджабты дұрыс кимегендіктен полиция қолынан қаза тапқан Махса Аминиге «Франция астанасының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Страсбургте соңғы Иран шахының елден кеткенінің 44 жылдығына арналған манифестке 12 мыңға жуық адам қатысты.
Айта кетерлігі, биліктегі сол ауыс-түйістен кейін Иранда көп ұзамай ислам революциясы болды.
Манифестанттар Еуропалық Одақтың Ислам революциясының қорғаушылар корпусын террористік ұйым деп тану арқылы Тегеранға қатысты қатаң ұстанымға ие болғанын қалайды.
Осы аптада пленарлық отырыста Еуропарламент Иранның төрт ай бойы жалғасып келе жатқан манифестациясына ықтимал жауапты талқылайды.
Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметі бойынша Иранда қатаң режим аясында 500-ден астам адам қаза тапқан.