Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың бірқатар аймағында әлі де аяз сақталады

pixabay.com

Синоптиктер 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Солтүстік-батыс антициклоны әсер ететіндіктен еліміздің барлық аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың шығысында атмосфералық фронтальды ағындардың өтуімен қар жауады, жел күшейіп, боран соғады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен республиканың оңтүстігінде тұман болады.

Түнде солтүстікте, шығыста, Жетісу облысы мен Алматы облысының таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыстан соғатын жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -11-13°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -5-7°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -5-7°С болады.