$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызды қорғаймын деп істі болған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Павлодарда қызға араша түспек болған ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Қызды қорғаймын деп істі болған азаматқа қатысты сот үкімі шықты
фото: ашық дереккөзден

Павлодар қаласының  № 2 соты ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалы бойынша, айыпталушы мас күйінде 2022 жылғы 1 тамызда Торайғыров көшесінде көмек сұраған бейтаныс қызды ер адам қолынан ұстап тұрғанын көрген. Ол адам өлтіру мақсатынсыз қыздың қолынан ұстап тұрған жігітті жұдырықпен бетінен ұрған. Соңғысы тепе-теңдігін жоғалтып, артқа құлаған. Салдарынан желкесін асфальтқа соғып, ауыр дене жарақаттан ауруханада қайтыс болған. 

«Прокурор айыпталушыны екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушілер бас бостандығынан айыруды талап етті. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Оның  екі баласы мен  науқас қарт анасы бар», – дейді Павлодар қаласы  № 2 сотының баспасөз қызметінде.

Қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатады және 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сотталушының кінәсі оның мойындауымен қатар, іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденеді.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды және ауырлататын мән-жайларды  ескере отырып, айыпталушыны 104 ҚК-нің 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды және ең төменгі қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленушілердің талаптары жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сот үкімі