16.01.2023, 10:23
Жаңалықтар
Лондонда атыс болып, үш әйел мен жеті жасар қыз жараланды
Оқиға Лондон орталығындағы Юстон вокзалына жақын жерде болған
Фото: bbc.com
Лондон қаласында белгісіз адамдар атыс ұйымдастырып, оқиға орнында үш әйел адам мен бір бала жараланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Лондон полициясының ақпаратына сүйенсек, жерлеу рәсімі өтіп жатқан шіркеу маңында белгісіз біреулер көлік ішінен халыққа оқ атқан.
«54, 48, 41 жастағы үш әйел мен жеті жасар қызға оқ тиген. Оқиға орнына тікұшақ және жедел жәрдем келіп, оларды ауруханаға әкетті. Бір әйел ауыр хәлде, баланың жағдайы туралы ақпарат жоқ», - деп жазады ВВС.
Ал бейбіт халыққа оқ атқан адамдар туралы әзірге тың ақпарат жоқ.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды