$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Австрияның атақты актері балалар порнографиясы бойынша сотталмақ

Флориан Тайхтмайстердің сотта жауап беретіні белгілі болды 

Австрияның атақты актері балалар порнографиясы бойынша сотталмақ
Global Look Press

Австрияның кино өнерінде үлкен дау шықты – елге танымал актер Флориан Тайхтмайстер балалардың порнографиялық суреттері бар 60 мыңға жуық файлды жеке флешкасында сақтап келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бірнеше аптадан кейін өтетін сот отырысында актер кінәсін мойындайды деген ақпарат бар. Егер сотта оның кінәсі толық дәлелденсе, әртіс екі жыл түрмеге қамалуы мүмкін.

Әзірге, бұл ақпарат белгілі болған соң Австирияның мәдениет саласында актерға қатысты бойкот жарияланған.

Мәселен, Еуроньюс агенттігінің жазуынша, елдегі кинотеатрлар Тайхтмайстер басты рөлдердің бірін сомдаған «Корсаж» тарихи фильмін айналымнан алып тастаған.

«Актер сотта кінәсін мойындайды. Ол соңғы екі жыл бойы емделген, өйткені балалардың порносуреттерін бойындағы психикалық ауытқуы бар кезде жинаған болатын. Бұл дертін емдеді, енді билікпен келісімге келіп, бүкіл жауапкершілікті мойнына алады. Яғни, сотта порносуреттер тек цифрлы түрдегі қылмыс екенін, ал шын мәнінде ешкімге зиянын тигізбегенін айтады», - дейді актердің адвокаты Михаэль Рами.

Серіктес жаңалықтары