$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жылу электр орталықтары жаңғыртылады

Келесі жылыту маусымына дейін ЖЭО-3 және екі газ жылу станциясы қолданысқа берілуі тиіс

Астанада жылу электр орталықтары жаңғыртылады
Фото: ckem.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жылумен қамту мәселесі жөнінде атқарылып жатқан шаруалар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қаламызды жылумен ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қамтамасыз етеді. Осы жылу электр орталықтарына жаңғырту жұмысын жүргіземіз. Сонымен ЖЭО-2-де 7 және 8 қазандықтың құрылысын жобалау ісі жүріп жатыр. Бұл қазандықтар сағатына қосымша 360 гигакалория қуат береді. Сондай-ақ ЖЭО-2 турбинасын жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, ол электр қуатын 35 мегаваттқа арттырады», деп жазды Жеңіс Қасымбек.

ЖЭО-1-де үш газ-мазутты қазандығы газға ауыстырылды, өсім - 50 гигакалория, бұдан өзге түтін құбырын ауыстыруды жоспарланған. Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

«Сондай-ақ келесі жылыту маусымына дейін ЖЭО-3 және екі газ жылу станциясын қолданысқа беруді тапсырдым. Бұл шаралар жылумен жабдықтаудың қазіргі қуатын едәуір арттыруға әрі құрылысы жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді», — деп жазды елорда әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #ЖЭО